Astana Open: Дмитрий Попко іріктеу сайысының финалына шықты

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, Ұлттық теннис орталығында алғашқы іріктеу сайыстары басталды.
Әлемнің 195-ракеткасы Д.Попко бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 846-орында тұрған болгариялық Симон Ивановпен өткізді.
Қазақстандық теннисші 59 минутқа созылған кездесуде 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Д.Попко 7 эйс жасап, бес брейк-пойнтты түгел пайдалана білді. Қарсыласы 1 эйс, 1 брейкпен шектелді.
Д.Попко іріктеу сайыстарының финалында аустриялық Юрий Родионов немесе аустралиялық Мэттью Эбденнің біреуімен кездеседі. Оны жеңсе, негізгі жарысқа жолдама алады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Astana Open ATP турнирінде қазақстандықтардың қарсыластары анықталғанын, Юлия Путинцеваның Словениядағы жарыстың финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз.