Astana Open: Зарина Дияс ширек финалға шыға алмады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Зарина Дияс Astana Open WTA 250 турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 109-орында тұрған З.Дияс екінші айналымда әлемнің 86-ыншы, осы жарыстың 6-ракеткасы, швециялық Ребекка Петерсонмен кортқа шықты.

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған кездесу барысында швециялық теннисшінің басымдылығы айқын байқалып тұрды. Екі сетте де алға кеткен ол 6:2, 6:2 есебімен жеңіске

жетті.

Р.Петерсон 1 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. З.Дияс 6 брейк-пойнттың екеуін ғана өз есебіне жаза алды.

Р.Петерсон жартылай финалға шығу үшін әлемнің 80- ракеткасы, ресейлік Анастасия Потаповамен таласады. Ол тартысты бәсекеде франциялық Кристина Младеновичті 1:6,

6:4, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша жүлде қоры 235 мың АҚШ долларынан асатын Астана додасында жекелей сында Қазақстаннан Юлия Путинцева ғана қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Astana Open турнирінде екінші айналымға шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Юлия Путинцева жарысты сәтті бастады.




Соңғы жаңалықтар