«Астана Опера» әлемдік турнеге аттанады (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық труппа Әлемдік турнеге аттанады. Шетелдік көрерменге театрдың опералық репертуарынан ең «мықты» нөмірлер ұсынылады, деп хабарлайды«Астана Опера» театрының баспасөз қызметі.
None
None

«Астана Опера» театрының директоры Төлеген Мұхамеджановтың айтуынша, өнер ұжымының труппасы өте жауапты гастрольге жол тартқалы отыр. «Бізге өз күшімізді көрсетуге тура келеді, осы орайда жаңа көрерменнің арасынан репертуары ең талғампаз деген көрерменді таң қалдыратын біздің ерекше де, әсем театрымызға келуге қызығушылық танытатын табынушыларға қол жеткіземіз деп үміттенеміз, сондай-ақ сыншылардың лайықты бағасына ие боламыз деген үмітіміз бар. Бұл гастрольге еуропалық және қазақтың ұлттық классикасын, орыс музыкасын, 20 ғасыр музыкасы мен америкалық музыканы алып барамыз. Айталық, бағдарламаға «Астана Опера» хоры қатысып, америкалық Spiritual «Elijah Rock» орындайды. Бұл Америка рухының, америкалық музыканың квинтэссенциясы. Осылайша, барлық бағыттар қамтылып, сан жолдар қиылысында тұрған «Астана Опера» театры өзінің барлық жанрлар мен музыкалық бағыттарда жұмыс істей алатынын көрсетеді», - дейді Төлеген Мұхамеджанов.

27 қазан - Нью-Йорк, АҚШ Карнеги-холл «Ази я дауысы» к онцерт і 30 қазан - Торонто, Канада Sony Centre for the Performing Arts «Азия дауысы» концерті «Астана Операның» симфониялық оркестрі, хоры мен солистері қазақтың музыкалық-орындау өнерінің мол шоғырын паш ететін «Азия дауысы» концерттік бағдарламасын ұсынады. Домбыра мен қобыз халық аспаптарының өзіндік үні тыңдарманды қазақтың шексіз кең даласына әкетеді. Концерттің басты мақсаты - «Астана Опера» театрын, дауыстары опералық театрдың 400 жылдағы даму тарихының бүкіл бояуын қамтып көрсететін Орталық Азиядағы ірі және ең жас театр ретінде таныстыру. Бағдарламада қазақтың халық әндері мен озық дәуірдің композиторлары: А. Жұбанов, Л. Хамиди. Е. Рахмадиев, Т. Мұхамеджанов жазған музыка, сондай-ақ Дж. Верди, Д. Россини, Ж. Оффенбах, А. Бородин, Л. Бернстайнның ұлы жауһарларынан үзінділер бар. Концерттің екінші жартысында халықаралық конкурстардың лауреаты, аса көрнекті скрипкашы Ержан Күлібаевтің орындауында П.И. Чайковскийдің әйгілі скрипкалық концерті ұсынылады.

Кештің ажарын театрдың және жалпы еліміздің үздік өнер қайраткерлері ашады. Атап айтқанда, бұл Одабелла партиясын орындап, Мариинский театрында көрерменді тамсандырған, театрдың жетекші солисі Жұпар Ғабдуллина. Ол «Аттила» операсынан үзінді орындайды. Айгүл Ниязова «Метрополитен-операда» тұсауы кесілген Дж. Пуччинидің «Джанни Скикки» операсынан Лауреттаның ариясын ұсынады. Итальяндық көрерменнің сүйіктісі Медет Шотабаев күрделі де, ең жақсы «Абай» операсынан Айдардың ариясын шырқайды. Театрдың жетекші солисі Әлфия Кәрімова Леонард Бернстайнның «Кандид» операсынан Кунигунданың ариясын орындайды. Дирижерлық тізгін маэстро Абзал Мұхитдиновта. 2 қараша - Париж, Франция Бастилия Операсы Денис Мацуев, Елдар Әбдіразақов, Ержан Күлібаев, Альберто Газале, Жұпар Ғабдуллина, Медет Шотабаев, сонымен қатар «Астана Операның» симфониялық оркестрі мен хоры концерт ұсынады. Аса көрнекті пианиношы Денис Мацуевтың орындауындағы фортепианоның оркестрмен орындауына арналған №2, до минор, ор.18 концерті бірінші бөлімнің сәніне айналады. Мұнымен қатар Е. Рахмадиев пен М. де Фальяның тамаша туындылары орындалады. Дирижерлық тізгінде - маэстро Абзал Мұхитдинов. Екінші бөлімде көрермен Дж. Вердидің «Аттила» операсының концерттік нұсқасын тамашалай алады. Елдар Әбдіразақов басты партияны орындайды. Одабелланы Жұпар Ғабдуллина шырқаса, Форестоны Қазақстанның белгілі теноры Медет Шотабаев шырқайды. Тізгінде - әлемге әйгілі дирижер Алан Бөрібаев. 4 қараша - Антверпен, Бельгия

5 қараша - Роттердам, Нидерланды «De Doelin» концерттік залы «The Best of Opera» гала концерті «The Best of Opera»

Соңғы жаңалықтар