«Астана Опера» әншісі Салтанат Ахметова Германияда өткен вокалшылар конкурсында жүлдегер атанды

АЛМАТЫ. 8 қараша. ҚазАқпарат - Елордалық «Астана Опера» театрының әншісі Салтанат Ахметова Германияда өткен Neue Stimmen ірі вокалшылар конкурсының бірінде финалға өтіп, «Klassik Herbst in Gutersloh' Forderpreis» («Классическая осень в Гютерсло») жүлдесін ұтып алды.

«Астана Опера» әншісі Салтанат Ахметова Германияда өткен вокалшылар конкурсында жүлдегер атанды

«Бұл конкурсқа бір жарым мыңға жуық адам өтінім берген, соның ішінде барлығы 40 адам өткен. Финалға өту бақыты тек 9 вокалшыға бұйырған, солардың ішінде С. Ахметова бар. Іріктеу турында ол Г.Ф. Генделдің «Юлий Цезарь» операсынан Клеопатра ариясын орындаған болатын, - деп хабарлады «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының баспасөз қызметінен.

Қатысушылар жоғары деңгейдегі пианистердің сүйемелдеуімен өнер көрсетті. Қазылар алқасының құрамына Еуропа және Американың ірі театрларының директорлары енген.