«Астана Опера» арнайы сыйлығын Үлкен театрда тапсырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Галина Вишневскаяның опералық ән айту орталығы алғаш рет «Астана Опера» театрына конкурсқа қатысушыларының біреуіне арнайы сыйлық тағайындауды ұсынды, деп хабарлайды «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі.
None
None

31 мамыр мен 5 маусым аралығында Мәскеуде Галина Вишневская атындағы опера әртістерінің халықаралық конкурсы өтеді. Байқаудың қазылар алқасының құрамында Орыс музыкалық театрының аса көрнекті қайраткерлері және Opéra de la Bastille (Франция), Opernhaus Zürich (Швейцария), Opéra de Lyon (Франция), Komische Oper (Алмания), Volksoper Wien (Австрия) сияқты еуропалық театрлардың арт-директорлары бар.

«Астана Опера» тағайындаған арнайы сыйлық - «Астана Опера» сахнасында өнер көрсетуге шақыруы конкурсқа қатысатындардың біреуіне тапсырылады, жеңімпазды опералық труппаның көркемдік жетекшісі Гюзель Хайбулина таңдайды. Жоғарыда аталған Қазақстандық театрдың шақыру сыйлығын 5 маусымда Үлкен театр (Ресей) сахнасында Татарстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері Хайбулина Гюзель табыс етеді.

Галина Вишневская - КСРО Халық әртісі, «Отан алдындағы еңбегі үшін» орденінің толық кавалері, опера әншісі (сопрано), театр режиссері, ұстаз.

Соңғы жаңалықтар