«Астана Опера» камералық залында «Би ырғағында» концерті өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көктемгі сәуір айында әсем мэнует, жеңіл вальстерден ширақ регтаймға, екпінді тангоға дейін алуан түрлі би әуендері елорадалықтардың назарына ұсынылады. «Астана Опера» камералық залында 7 сәуірде «Bel Canto музыкалық салоны» абонементінің аясында «Би ырғағында» концерті өтеді.

Отандық және шетелдік композиторлардың музыкасын белгілі опера әншілері орындайды - Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Ғалия Байғазинова, Қазақстанның құрметті қайраткері Айгүл Ниязова,  Халықаралық конкурстардың лауреаттары  Айзада Капонова, Елена Низамутдинова, Роза Нұркей, Әсем Сембина, Азат Мәлік, дарынды скрипкашылар  Майя Бекназар, Шынар Барлықова және т.б.

«Вальс королі» Иоганн  Штраустың,   «қазақ вальсінің королі» Шәмші Қалдаяқов туындылары,   С. Джоплиннің «Рэгтаймы»,  А. Пьяццолланың «Либертангосы», Л. Делибтің «Испан  әні»,     Ш. Лекоктың «Мадам Анго қызы» опереттасынан «Гавот»,   Н. Достальдың «Моника» опереттасынан Моника вальсі,   Ф. Легардің «Көңілді жесір» опереттасынан  Ганна мен Данило дуэті және т.б. орындалады.

Сопрано Елена Низамутдинова  Дж. Россинидің «Музыкалық кешінің» циклынан  «Неаполитанская тарантелланы»  орындайды.

- Дж. Россини - сүйікті композиторларымның бірі, оның шығармашылығына тәнтімін. Адамның көңіл-күйін ерекше сезімге бөлейді.  Сонымен бірге, Имре Кальманның «Королева чардаша» опереттасынан Сильваның ариясын орындаймын, - деді Елена Низамутдинова.

Фортепиано партиясында - халықаралық байқаулардың лауреаттары  Раушан Бескемпірова, Меруерт Жекенова.

Концерт  19:00 басталады, билет құны  - 2000 теңге.

Соңғы жаңалықтар
telegram