23:32, 16 Ақпан 2016 | GMT +5
«Астана Опера» симфониялық оркестрі Мариинский театрында өнер көрсетті
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Санкт-Петерборда Мариинский театрының залында Ресейдің халық әртісі Валерий Гергиевтің басшылығымен «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының симфониялық оркестрі өнер көрсетті.

Бұл туралы Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінен хабарлады.
Бағдарламада қазақ, орыс және батысеуропалық композиторлардың шығармалары орындалды. Оның ішінде Е.Рахмадиевтің «Құдаша думан» симфониялық күйі, Т.Кажығалиевтің «Дала аңызы» балетінен сюита, Я.Сибелиус оркестрімен скрипка үшін концерт және С.Прокофьевтің «Ромео және Джульетта» балетінен екі сюита бар. Сибелиус концертінде жеке партияны қазақстандық скрипкашы Ержан Құлыбаев орындады.
Бұл маэстроның Мариинский театрында симфониялық концерт форматында өткен «Астана Опера» ұжымымен бірлескен алғашқы шығармашылық кеші болды.
2014 жылдан Валерий Гергиев «Астана Опера» театрымен ынтымақтасып келеді.