Астана Опера театры Барокко дәуірінің музыкасынан концерт береді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана Опера» театрында тыңдарман назарына көне музыканың ең үздік үлгілері ұсынылады. 10 сәуірде «Барокко» залында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтің жетекшілігімен «Музыкалық қонақжай» циклынан «Барокко сиқыры» атты концерт өтеді.

Астана Опера театры Барокко дәуірінің музыкасынан концерт береді

Онда театрдың жетекші солисі, халықаралық конкурстардың лауреаты, Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі Әлфия Кәрімованың (сопрано), аспапты жанр шеберлері, халықаралық конкурстардың лауреаттары - бірінші скрипка, симфониялық оркестр концертмейстері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілхановтың, үрмелі ағаш аспаптары тобының концертмейстерлері: Алексей Косыревтің (флейта), Әсет Нелдібаевтің (фагот), сонымен қатар П.И. Чайковский ат. жасөспірімдердің халықаралық конкурсының лауреаты Ақбөпе Ахмедиярова (скрипка) өнер көрсетеді.

Бағдарламада - «Ринальдо» операсынан атақты Альмирена ариясы, Г.Гендельдің «Мессия», «Баязет»  ораториясынан ария, «Жыл мезгілдері» циклынан «Жаз», А. Вивальдидің фаготқа арналған ми-минор концерті, №2 си-минор оркестр сюитасынан «Менуэт» пен «Әзіл», оркестрмен скрипкаға арналған ля минор концерті, «Non sa che sia dolore» контатасынан ария, И.С. Бахтың сопрано, флейта солосына және камералық оркестрге арналған BWV 209 және басқалары бар.

XVI-XVIII ғғ. әсем әрі тыңдағанға керемет вокалдық музыкасы әлемдік сахна алаңдарында сирек орындалады. Себебі, мұндай күрделі де, асқан шеберлікпен шырқалатын арияларды кез-келген опера солисі орындай бермейді. Олардың ішінде жарқыраған колоратуралық сопрано Әлфия Кәрімованың орындауындағы А. Вивальдидің «Гризельда» операсынан Констанца, Г. Ф. Гендельдің «Son come navicella» (Асау теңіздегі кішкентай кеме) арияларын атап өтуге болады. Мұндай музыканы тамаша шырқау үшін жетілген техника қажет, мысалы, Констанца ариясының ерекшелігі, ноталар төменнен бастап, жоғарысына дейінгі зор диапазонды қажет етеді.

«Барокко дәуірінің музыкасы жанды ерекше тербейді, мен оны әркез асқан шаттықпен орындаймын. Оркестр құрамында ішекті аспаптардың тиісінше басымдық танытуы мен клавесинді жиі пайдалану, таза үндестікке қол жеткізеді. Г.Ф. Гендель, А. Вивальди, И.С. Бах - әркез таң қалдыратын сазгерлер. Олардың музыкасы әнді аспаптың сүйемелдеуімен айту мәнерін талап етеді. Бұл И.С. Бахтың жеке сопраноға, жеке флейтаға және камералық оркестрге жазылған 209 кантатасында айрықша көрінеді. Аталған шығармада барлық дауыстар үндесіп, біріккен аспапты ансамбльді құрайды», - деді Әлфия Кәрімова. 
Барокко  Барокко