«Астана-Опера» театры елордалықтарға мерекелік концерт тарту етпек

АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 наурыз күні елордадағы «Астана-Опера» опера және балет театрында Наурыз мейрамына орайластырылған мерекелік концерт өтпек, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметінен.
None
None

Театр сахнасында оның жетекші өнерпаздары қазақ халқының көпшілікке танымал да сүйікті әндерін ғана емес, қазақстандық опера сазгерлерінің туындыларынан үзінділер мен романстарды да орындамақ. Айта кетейік, салтанатты шара 19 наурыз күні сағат кешкі 19.30-да басталады. Концертке кіру билетінің құны - 1500 теңге.

Соңғы жаңалықтар