«Астана Опера» театры камералық залының үшінші маусымын «Ән - халықтың ажары» концерті аяқтайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 маусымда «Астана Опера» театрының камералық зал сахнасында «Ән - халықтың ажары» атты концерт өтеді.
None
None

Театрдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, өнер кешіне «Астана Опера» солистері -халықаралық байқаулардың лауреаттары Роза Нұркей (сопрано), Гүлжанат Сапақова (меццо-сопрано), Рамзат Балакишиев (тенор) және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Шыбықпаев (баритон) қатысады. Фортепиано партиясында - Меруерт Жекенова мен Ирина Кургузкина.

 

«Бұл концертпен біз Камералық залдың үшінші маусымын жабамыз. Әйтсе де, жазғы кезеңде жеті концерт өтейін деп отыр (шілденің 20-нан 30 дейін, тамыздың 14-нен 24 дейін). Бағдарламалар сан түрлі әрі қызықты болады. Маусымды аяқтайтын концерт «Ән - халықтың ажары» деп аталады. Кеште Қазақстан халықтары әндерімен қатар, әлем халықтарының әндері шырқалады. Көрерменді жарқын, қызықты, жазға сай әсем бағдарлама күтіп тұр», - дейді Камералық залдың жетекшісі, музыкатанушы Маржан Жәкенова.   

Попурриге енген қазақтың белгілі халық әндері, тәжіктің халық әні «Мухаббат», украин халық әндері «Ничяка місячна», «Вечор», орыстың халық әні «Под дугой колокольчик» және басқасымен бірге, Дж. Верди, Дж. Россини, Ф. Легара сияқты көрнекті опералық композиторлардың оперетталары мен операларынан танымал классикалық шығармалар: романстар, дуэттер орындалады. 

Соңғы жаңалықтар