«Астана Опера» театры шымылдығының «Біржан мен Сара» операсымен ашылуы ұлттық өнерге зор құрмет пен ерекше ықылас - Н.Назарбаев

АСТАНА. 21 маусым. ҚазАқпарат - «Астана Опера» театры шымылдығының «Біржан мен Сара» операсымен ашылуы ұлттық өнерге зор құрмет пен ерекше ықыластың белгісі.

«Астана Опера» театры шымылдығының «Біржан мен Сара» операсымен ашылуы ұлттық өнерге зор құрмет пен ерекше ықылас - Н.Назарбаев

Бүгін елордада «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының ашылу салтанатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

Ағымдағы жылы ұлт өнерінің мақтанышы Мұқан Төлебаевтың 100 жылдық мерейтойы екендігін баса айтқан Мемлекет басшысы: «Тетрдың шымылдығы әйгілі композитордың «Біржан мен Сара» операсымен ашылуының мәні бар. Ұлттық өнерге зор құрмет пен ерекше ықыластың белгісі, ұлы композиторға деген халқының көңілі болып саналады», - деді.

Сонымен қатар ҚР Президенті жаңа театрдың әлемдік таныстырылымы қазан айында өтіп, тұңғыш рет қазақ жерінде қойылатын Дж. Вердидің «Аттила» операсымен ашылатындығын атап өтті. «Дүниежүзіндегі опера мамандарының көпшілігі осы залға жиналатын болады. Барлық спектакльдерге отандық опера және балет өнерінің майталмандары, әсіресе жас буын өкілдері түгел тартылатын болады», - деді Мемлекет басшысы.