«Астана Опера» театрында «Бақшасарай бұрқағы» балетіне қызу дайындық жүріп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана Опера» театрында Борис Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы» атты тамаша балетінің тұсаукесеріне дайындық жүруде. Балет сәуірдің 11 мен 12-сі күндері өтеді. Балеттің жаңа редакциясын қазақстандық хореографтар Тұрсынбек Нұрқалиев пен Ғалия Бөрібаева жасады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

«Астана Опера» театрында «Бақшасарай бұрқағы» балетіне қызу дайындық жүріп жатыр

«Спектакльдің көркемдік безендірілуін аса көрнекті итальяндық шеберлер Эцио Фриджерио мен Франка Скуарчапино жүзеге асырды. Маэстро Фриджерионың «Астана Опера» үшін дайындаған декорациялары сияқты соны жұмыстарын әлемнің өзге театрларынан көре алмайсыз», делінген хабарламада.

Декорациялардың көлемді болғанына қарамастан, олардың жалпы салмағы аса көп емес - бар болғаны 8 тонна. Бұған мықты да, жеңіл материал - алюминийді қолданудың арқасында қол жетті. Қатты декорациялар, күңдер мен басты кейіпкерлердің төсектері, барлық реквизиттер «Астана Опера» цехтарында жасалды. Базалық жұмыстың сызбалары «Астана Опера» театрының сценографиялық жобаларды жүзеге асыру басқармасында жасалды. Бутафориялық цехтың жұмысшылары ең майда бөлшектерді де дайындау барысына өнерпаздықпен қарады. Айталық, көзені құйып, кептіру үшін бір күн кетеді, ал оларға сурет салғанға тағы екі сағатқа жуық уақыт қажет. Айтпақшы, барлық нобайларды итальяндықтар сызды. Декорациялардың басым бөлігі Италияда дайындалған. Көп жұмыс қолмен жасалды. Нәтижесінде, көрермен сахнадан бес қабатты ғимаратпен салыстыруға болатын конструкцияны тамашалай алады. Декорациялар 23 метр жерді алып жатса, олардың биіктігі 12 метрге жетеді. Алюминийден жасалған тірек бірегей шынылы пластикпен сырланған. Шеберлер епті жұмыстарды түпнұсқадағыдай қолмен жасап шықты. Декорацияның әртүрлі бөлігіндегі суреттерге алдымен шыны талшықтар салып, жақсылап пішінін келтіреді де, сосын барып суретін салып, ұқыптап бояп шығады. Шығыс тақырыбын жақсы көретін Эцио Фриджерио, өзінің шығармашылық тұрғыда ойластырғандарын матаға салынған суреттерде де іске асырды, бұл тамаша һәм күрделі өнердің бір түрі. Спектакльде өте көп қолданылатын жарықпен итальяндық суретші Виничо Кели жұмыс жасаса, әсер беру жағына кескіндер суретшісі Серджо Металли жауап береді. Бірінші және екінші актіде жоғарғы машинерия іске қосылады, яғни барлық көлемді декорациялар жоғарыға кетеді. Осы ғажап декорациялар Қазақстанға тікелей Италиядан төрт жүк көлігімен он күннің ішінде жеткізілді. Костюмдер Миланнан Астанаға ұшақпен 8 сағатта әкелінді. Оларды үздік сахналық костюмдері үшін «Оскар» сыйлығын иеленген Франка Скуарчапино дайындады. Суретші итальяндық маталарды пайдаланды, отандық суретшілер үшін олардың атауы да таңсық еді, атап айтсақ, олар - мексикандық рафия, ацетат және басқалары. Франка біздің тігіншілер жұмыс істеп үйреніп қалған дәстүрлі маталарды - жібек, зығыр, органза, жасанды жібек, жаккард (қымбат маталардың бірі, себебі оны өндіру еңбек шығынын қажет етеді), букле (грубая ткань полотняного переплетения из фасонной пряжи, имеющей крупные узелки, расположенные на некотором расстоянии друг от друга) және басқаларын пайдаланған. Маталардың түсіне көзің тоймайды, олар - ақ, қызыл, жасыл, саз түстес, сарғылт, табиғи көк, сары, қызғылт, сұр және қара. Суретші бас-аяғы 186 костюмнің үлгісін дайындады. 26 киімді киетін кейіпкерлер - күңдер, малайлар, черкестік жаяу әскер, католиктер және татар шалдар, олардың барлығын «Астана Операның» тігін цехында әзірледі. Шағын көлемдегі бұл костюмдердің де маталары Италиядан сатып алынды. Қойылымдағы әрбір кейіпкердің бейнесі нақты әрі фактуралық тұрғыдан суреттелген. «Бақшасарай бұрқағы» спектаклінің әлемдік сахналарды бағындырғанына 80 жылға жуықтады. Композитор Борис Асафьевтің жазған музыкасы әдейі хореодрамаға шақталған, яғни оның сахналық тілі ерекше, айқын әрі түсінікті.