«Астана Опера» театрында елордалық оқушыларға тегін экскурсия өткізіледі

Қараша айының басында «Астана Опера» театрын алғашқы болып 59 мектеп оқушысы аралады. Балалар Ресейдің Үлкен театрынан әкелінген экспонаттарды қызығушылықпен қарап шықты. Оларға жаңа Өнер шаңырағының басты залы көрсетіліп, сол жерде олар бір-екі нотаны дауысқа салып та көрді, ал театрдың камералық залында оқушылар француз және итальяндық шеберлер салған суреттерді тамашалады.
«Астана Опера» театрының директоры Төлеген Мұхамеджанов оқушыларға тегін экскурсия ұйымдастыру жобасын жүзеге асырудың негізінде жас қазақстандықтарды тәрбиелеп, өскелең ұрпақтың бойында мәдени, этикалық және эстетикалық құндылықты қалыптастыру жатқанын атап өтті. «Басты мақсат - балаларды қызықтыру, олардың бойында театрға деген сүйіспеншілікті, театрлық өнерді түсіне алатындай талғам қалыптастыру, балалар осы бір асқақ өнерге атсалысу үшін эмоциялық-психологиялық жайлылықты қамтамасыз ету», - дейді Т. Мұхамеджанов.
Экскурсия сейсенбі мен жексенбі аралығында өткізіледі. Бұл күндері экскурсия күніне екі рет және 40 адамнан құралған топтар үшін ұйымадстырылады. Жұмыс уақыты: 11.00 -12.30, 15.00-16.00.
Болашақта театр мұндай экскурсияны ниет білдірген Республика оқушыларына да өткізеді.