«Астана Опера» театрында ерекше дуэт концерт береді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 ақпанда «Астана Опера» театрында арфамен концерт беруде теңдесі жоқ Айдана Қарашева мен мультиаспапшы Юрий Таштамиров «Ерекше дуэт» атты концерт береді. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.

«Астана Опера» театрында ерекше дуэт концерт береді

П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясында И.П.Пашинская мен А.З.Бондурянский сияқты профессорлардың класынан білім алған дарынды жас орындаушылар 2013 жылы A-DUO (итальянша - «екеуара ойнау») ансамблін құрған. Бүгінде Айдана Қарашева - өзіндік стилі бар музыкант, ал Юрий Таштамиров 10 үрмелі аспапты игерген. Ол өте сирек кездесетін аспап, XVIII ғасырдың аяғындағы кларнеттің бір түрі - бассетгорнда ойнайды. Қазіргі уақытта әртістер жиі концерттер қоюда.

Дуэт, шынымен де, ерекше - жас музыканттардың шығармашылық одағы отбасылық одаққа айналған. Енді көрермен аспапшылар орындайтын музыкалық жауһарлармен бірге, сүйген жүректердің әуенін де тамашалай алады.

Бұл - орындаушылардың «Астана Опера» сахнасындағы дебюті, сондықтан кеш бағдарламасына олар үлкен жауапкершілікпен дайындалуда. Оған: И.Бах, Э. Вилла-Лобос, М.Равель, К.Гильман, К.Глюк, Е.Үсенов және басқалардың шығармалары енді.