«Астана Опера» театрында «Қарагөз» ұлттық балеті қойылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 наурызда «Астана Опера» театрында «Қарагөз» ұлттық балеті қойылады, деп хабарлады astana.gov.kz. Театр репертуарындағы Вакиль Османов (Австрия) қойған тұңғыш ұлттық балет - «Қарагөз» «Астана Операның» негізгі сахнасында өтеді. Махаббат пен адалдық, кейіпкер өлімі - балеттік спектакльдің негізі.

«Астана Опера» театрында «Қарагөз» ұлттық балеті қойылады

Басты партияны сомдайтын «Астана Опера» театрының солисттері: Қарагөз рөлінде Әнел Рүстемова ойнайды; Сырым партиясында Арман Оразов; Наршаны ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Тайыр Гатауов билейді; Мөржан - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Гауһар Усина. Ғазиза Жұбанованың авангардтық музыкасы өзінше бір төбе. «Астана Опера» театрының музыкалық жетекшісі Абзал Мұхитдинов балетке музыкалық редакция жүргізіп, түпкі шығармаға қосымша «Сарыөзек метафораларының» үшінші симфониясын, Скрипкалы концертті, сондай-ақ Ғазиза Ахметқызының Ішекті квартетінің екі бөлімін пайдаланды. Дирижер - Арман Оразғалиев.