«Астана Опера» театрында қойылатын «Аида» операсындағы патша рөлін Е.Чайников сомдайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Евгений Чайников 21 ақпанда «Астана Операның» Үлкен залы сахнасында тұңғыш рет Дж.Вердидің «Аида» операсындағы Эфиопия патшасы Амонасроның партиясын орындайды, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі.
None
None

Евгений Чайников - Аризона (АҚШ) штаты университеті магистратурасының «опера әншісі» мамандығы бойынша түлегі, «Метрополитен-опера» (2006, АҚШ) байқауы Аймақтық кезеңінің финалисі.

Бұл кеште солист басты партияны - жақында ғана Краснояр опера және балет театры сахнасында осы рольді тамаша орындап шыққан астаналық театр примасы Жұпар Ғабдуллинамен шығады. Оның ғашығы Радаместі Болгариядан арнайы келіп, астаналық көрермендердің сүйіктісі болған Камен Чанев, Амнеристі - Гүлжанат Сапақова, Рамфисті - Армения халық әртісі Барсег Туманян, Мысыр патшасын - Артур Қайыпқұлов орындайды. Дирижері - Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Абзал Мұхитдинов.

Қойылымға опера солистері, әйелдер мен ерлер хоры, балет әртістері, оркестр, миманстан бастап, балаларға дейін 200-дей адам қатыстырылды.

«Әйгілі қоюшы Франк Дзеффиреллидің мұндай ауқымды спектакліне қатысу - үлкен абырой және жауапкершілік. «Ла Скала» тұсаукесерінен кейін мен бұл спектакльдің жазбасын ғаламтордан көрдім. Безендірулер, костюмдер үлкен әсер қалдырды. «Әйтеуір бір кезде осы спектакльде ойнасам ғой»,-деп ойлайтынмын. Барлық сахналық дайындықтарға қатыстым. Көп уақыт бойы партиямен және мизансахнадағы рөльдеріммен жұмыс істедім, енді қазақстандық көрермен алдында өнер көрсетуге дайынмын», - деп атап өтті баритон. Бұл Евгений Чайниковтың театр маусымы кезіндегі үшінші дебюті. «Абай» операсынан Жиренше, «Тоскадағы» Скарпиа көрсетілді, енді алдымызда - «Аидадағы» Амонасро бейнесі. Әртіс барша жанкүйерлерін, сонымен қатар опера өнерінің жанкүйерлерін ұлы көрініске шақырады.

2006 жылы «Ла Скала» театр маусымын «Аида» операсымен ашқан еді, сөйтіп Еуропа мәдениет өмірінде ең ірі оқиғалардың бірі болған еді. 2014 жылы 19 қарашада тұсаукесер «Астана операда» өтті. Біздің көрермендеріміз мұндай көрініске қатты таң қалған еді: 35 бутафория, отыз тонналық безендіру, аса әдемі тігілген костюмдер әсерлі шықты.

Соңғы жаңалықтар