«Астана Опера» театрында Отан қорғаушылар күніне орай концерт өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Отан қорғаушылар күніне орай Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің концерті өтеді. Бұл туралы ҚР ҚМ Тәрбие жұмыстары департаментінен хабарлады, деп жазады елорда әкімдігінің ресми сайтында.

«Астана Опера» театрында Отан қорғаушылар күніне орай концерт өтеді

Театр сахнасында әлемге әйгілі итальяндық тенор Марсело Альварес, Александров атындағы Ресей армиясының академиялық ән-би ансамблі, «Астана Опера» симфониялық оркестрі, сондай-ақ ҚР Қорғаныс министрлігінің орталық ансамблі өнер көрсетеді. Мерекелік шараға Мемлекет басшысы Н.Назарбаев, ҚР Үкіметінің мүшелері, ҚР Парламентінің депутаттары, ҰОС ардагерлері және ҚР Қарулы күштерінің ардагерлері қатысады деп күтілуде. Айта кетейік, концертке келушілерді ҚР ҚМ орталық әскери оркестрі қарсы алады. Шара барысында патриоттық әндер, итальяндық және қазақ композиторларының классикалық шығармалары орындалады. Сонымен қатар театр фойесінде еліміздің қарулы күштері туралы фотокөрме ұйымдастырылады.