«Астана Опера» театрында өтетін концертте көрермендер «Мысықтар» дуэтін тамашалай алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Астана Опера» театрының Камералық залында «Parata dei Soprani» концерті өтеді, деп хабарлайды аталған өнер ордасының баспасөз қызметі.

«Астана Опера» театрында өтетін концертте көрермендер «Мысықтар» дуэтін тамашалай алады

Концерт «Сопранолар шеруі» деп аталады. Тыңдарман тамаша әйелдер дауысының сан алуан вокалдық нақышын: күміс дауысты колоратуралық сопранодан бастап, терең меццоға дейін тамашалай алады. «Астана Опера» әншілерінің орындауында ең танымал ариялар мен оператталар, вальстер мен романстар шырқалып, көрерменді музыкалық тосынсый күтеді: олар қызықты дуэттерді тамашалай алады, солардың бірі - Ғалия Байгазинова мен Татьяна Вицинская орындайтын «Мысықтар» дуэті.

Көпшіліктің алдына шығатын барлық орындаушының әртістік шеберлігі асқан, жүректі қозғайтын әншілер, дегенмен олардың әрқайсысы өзінше дара», - дейді музыкатанушы Маржан Жәкенова.