«Астана Опера» театрында үздік өнер қойылымы «Спартак» сахналады (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Зұлымдық пен ерлік туралы баяндайтын «Спартак» балетінің қойылымы 18 қарашада «Астана Опера» театры үлкен залының сахнасында өтеді. Басты партияларды Бақтияр Адамжан және ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мәдина Баспаева орындайды, деп хабарлайды елордалық театрдың баспасөз қызметінен.

«Астана Опера» театрында үздік өнер қойылымы «Спартак» сахналады (ФОТО)

- Менің қаһарманым, Спартактың адал махаббаты Фригия қойылымда әйел затына тән мәңгілік нәзіктікті бейнелейді. Оның терең шынайы махаббаты фракиялыққа өмір сүруге және бостандық үшін күресуге көмектеседі. Фригия өзінің қайсарлығымен және ақылдылығымен менің жаныма жақын,- дейді жетекші солист Мәдина Баспаева. Қоюшы хореограф - КСРО халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Юрий Григорович әлемге үлкен психологизмімен және қасіретті шиеленісімен ерекшеленетін қойылымды паш етті. «Астана Опера» театрындағы балеттің тұсаукесері 2014 жылы 6 маусымда өткен. 1968 жылдың өзінде қойылымға арнап алғашқы үлгілерді жасаған көрнекті театр суретшісі Симон Вирсаладзенің мінсіз жұмысы әлі күнге дейін қайталанбас дүние болып саналады. «Спартак» - музыка өнерінің, хореография мен көркем сурет өнерінің ең үздік жиынтығының үлгісі, заманымыздың ең көркем және ең сұранысы жоғары қойылымы. Оқиға желісі көрерменге зұлым Красс (Арман Оразов) басқарған император әлемінің әскери машинасы бейбіт өмірді қалай қирататынын баяндайды. Ол ондаған мың адамды тұтқынға алады, солардың ішінде Спартак (Бақтияр Адамжан) пен Фригия (Мәдина Баспаева) да бар. Бірге болу үшін қос ғашыққа талай сыннан өтуге тура келеді. Соңғы көріністе Фригияның ғашығының мәйітіне келіп, оны жоқтап жылауы, оның ерлігінің мәңгі өлмейтініне деген сенімі қойылымды әсерлі ете түседі. Қойылым сағат 19:00-де басталады.