«Астана Опера» театрында «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық концерті өтеді

«Балалар студиясы осымен екінші рет қайырымдылық концертін ұйымдастырып отыр. Астаналық театрдың жас әртістері өнерін, бар көңілін өздерінің құрдастарына арнаса және сол жас көрерменнің ыстық ықыласына бөленсе деп тілейміз», - дейді балалар студиясының жетекшісі Майя Бекназар.
Көрерменнің іші пыспайды, неге десеңіз концерт барысында вокалдық номерлер балеттік номермен аралас жүреді, атап айтсақ, балаларға Х. Бибидің «Мен музыканы білмейді деп кім айтты», М. Ілиясовтың «Мерекем - сен», Т. Мұхамеджановтың «Заман-ай», Ф. Грубердің «Тым-тырыс түн», Д. Тухмановтың «Шатырда көкқұтан», П.И. Чайковскийдің «Жаңғақ шаққыш» балетінен «Қар үлпегінің вальсі» және басқа да көптеген туындылар ұсынылады.
«Бағдарламаға балалар студиясының екінші маусым барысында үйренген шығармалары енгізілді. Балалар репертуары режиссерлық-қойылымдық тұрғыдан алғанда жаңа қырынан ұсынылатын қызықты әндерден тұрады. Өзінің бойындағы өнерін, театрымыздың Үлкен сахнасында Дж. Пуччинидің «Тоска» операсының үшінші актісінде жеке дауыста балақай бақташыны орындап қойылымға қатысқан, жас әртістер көрсетеді. Кейбір әртістер осы күні сахнаға алғаш рет шығады», - деп толықтырды Майя Бекназар.
ҚРның еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай және театр солисі Талғат Ғалеев жас әншілер - Айша Орынбасарова, Алиса Шайпак, Айрика Нәриман, Әзиза Ахмеджанова, Адиля Сәрсенова, Алиша Нұрмағамбетова, Мария Савостьянова, Лаура Күлекешева сияқты жас өнерпаздарды қолдап, сахнаға шығады.
Ұйымдастырушылар Балаларды қорғау күні - оқу жылы аяқталып, күн нұры жылуын төгіп, салқын самал маңдайдан есіп, балалардың арқаны кеңге сала өмірдің шаттығын сезінетін жаздың тамаша мерекесі екенін атап өтті.