«Астана Опера» театрындағы балет бәрінен де өзгеше болады - әлемге әйгілі сценограф Э. Фриджерио

АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - «Астана Опера» театрындағы «Ұйқыдағы ару» балеті бәрінен де өзгеше өтеді. Бүгін Астанада болған баспасөз мәслихатында аталған балеттің қоюшы суретшісі, танымал сценограф Эцио Фриджерио осылай айтты.
None
None

Бүгінде «Ұйқыдағы ару» балетінің жаңа хорегорафиялық нұсқасы әлемнің бес театрында - «Метрополитен-операда», «Ковент-Гарденде», Варшаваның ұлттық операсында, Ресейдің үлкен театрында, сондай-ақ «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында сахналып жатыр. «Соған қарамастан, «Астана Операда» өтетін «Ұйқыдағы ару» балетінің жөні бөлек. Оның өзіндік бір ерекшелігі болады. Әлбетте, шығарманың желісі бір. Алайда оның кейбір элементтері өзгеше болады», - дейді Э. Фриджерио.

Айта кеткен жөн, Э. Фриджерио сияқты әлемге әйгілі сценографтың қатысуымен балеттің декорациясы әзірленді. Ол үшін салмағы 16 тонна болатын алтынмен жалатылған дайын декорациялар сонау Италия жерінен 14 теңіз контейнерімен Астанаға жеткізілді. Патша қамалы қақпасының өзі 500 келіге тартты. Бүгінде оның барлығы күрделі құрылғылардың көмегімен сахнада орнатылды. Ертең, шілденің 3-і күні «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрына келетін көрермендер Петр Чайковскийдің әлемге әйгілі шығармасы - «Ұйқыдағы ару» балетін алғаш рет тамашалай алады.

Соңғы жаңалықтар