«Астана опера» театрының балет ұжымы Оман елін тамсандырып қайтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана Опера» театрының директоры Ғалым Ахмедияров балет ұжымының Оман еліне жасаған гастрольдік сапары сәтті аяқталғанын мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Астана опера» театрының балет ұжымы Оман елін тамсандырып қайтты

«Театр ұжымы Оман елінің астанасы Маскаттағы Ханшайым театрында өнер көрсетті. Ол жақта «Астана Опера» театрының балет ұжымы Чайковскийдің «Аққу көлі» балетімен дебют жасады. Бұл гастрольдік сапарды қазақстандық балет өнерінің тың парағы деп айтуға да болады. Біз толықтай Оман елінің қаржыландыруымен гастрольдік сапар жасағынымызды атап өткіміз келеді. Барлық шығынды Оман елі өзі көтерді. Бұл дегеніңіз біздің балеттің халықаралық деңгейге көтерілгенін дәлелдейді», - дейді директор Ғалым Ахмедияров.
null 

Оман еліне «Астана опера» театрының балет ұжымы тұңғыш рет өнер көрсеткен. Шығыстағы елде Алтынай Асылмұратованың жаңа хореографиялық редакциясындағы әлемдік классика жауһары Чайковскийдің «Аққу көлі» балеті омандықтардың қошеметіне ие болған.
null 

«Біздің балет өнерінің майталмандары көрерменді бей-жай қалдырмады. Оман елінің өзіндік ережелеріқалыптасқан мемлекет екенін білетін едік. Сондықтан, аздап қобалжыдық. Алайда прима-балерина Мәдина Басбаева мен Әйгерім Бекетаеваның өнеріне омандықтар орындарынан тұрып қол соқты. Өнеріміздің өзге елде бағаланғанына қуаныштымыз», - дейді «Астана Опера» театрының балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова.
null

null

null