«Астана Опера» театрының премьераларына көрермендер шетелден келіп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана Опера» театрының премьераларын тамашалау үшін көрермендер шетелден келіп жатыр. Бұл туралы бүгін ОКҚ баспасөз мәслихатында театр директоры Төлеубек Әлпиев мәлім етті.
«Астана Опера» театрына Қарағанды, Көкшетау сынды жақын қалалардан ғана келмейді. Арнайы автобустармен кәсіпорындар, көрермендер, тыңдармандар келіп жатады. Бүгінде премьераларымызға Алматыдан, Ресейден келетін көрермендер саны артып отыр. Жақында премьерасы өткен «Баядерка» балетіне АҚШ-тан, Франциядан тыңдармандар келді. Оларға Алтынай Асылмұратованың орындауындағы спектакльді көру қызық болатын, себебі Алтынай кезінде Парижде «Баядерка» балетінде ойнаған», - дейді ол.
Сонымен бірге, оның сөзіне қарағанда, театр «EXPO-2017» көрмесіне арнайы мәдени бағдарламаны дайындап жатыр.
«ЭКСПО 93 күн бойы өтеді. Бізде еңбек демалысы бұл кезде болмайды. Біз қазір өз репертуарларымызды қанықтырып жатырмыз. Көрме кезінде Дж. Пуччинидің «Мадам Баттерфляй» операсын қоямыз. Ролан Петидің қорымен «Собор Парижской Богоматери» операсын қою жөнінде келіссөздер жүргізудеміз. Сосын қазақтың «Қыз жібек» операсының қойылымы өтеді. Біз оны ең керемет қойылым ретінде көрсете алуымыз шарт. Біз «Абай» операсын қоямыз», - деді Төлеубек Әлпиев.