«Астана Опера» «Ұйқыдағы ару» балетінің премьерасына дайындалуда

АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат - Астана күні қарсаңында, 3 шілдеде "Астана-Опера" Мемлекеттік опера және балет театрының сахнасында П.И.Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару» балетінің премьерасы өтеді.

«Астана Опера» «Ұйқыдағы ару» балетінің премьерасына дайындалуда

Балет премьерасы заманымыздың көрнекті балетмейстері Юрий Григоровичтің жаңа хореографиялық өңдеуімен ұсынылады. Ресей хореографиясының хас шебері "Ұйқыдағы аруды" бұрынғы балетмейстерлерде жиі кездесетін тек балалар ертегісі немесе ойын-сауық феериясы ретінде қоймайды, Чайковскийдің музыкасына сәйкес өз кезегінде жанды рухтандыратын поэма сияқты ұсынады.

Премьераға дейін санаулы күндер қалды. Қазір театр сахнасы безендіріліп, танымал балетті қоюға қызу дайындық жұмыстарына кіріскен. 17 ғасырда Франция королінің билігі кезіндегі көріністер көреременді бейжай қалдырмайтындай асқан толғанысты сәттерге толы. Әсерлі көріністер мол. Мұны дәл осы кезде «Астана Операға» бас сұққан әрбір көрермен тап басып таныр еді.

Театрда соңғы дайындықтар жүруде. Италиядан Астанаға әкелінген салмағы 4 тонналық «алтын жалатқан» декорациялар орнату аяқталды. Ал тек корольдік қорғандардан тұратын салмағы 500 келі қақпалар неге тұрады?!

Спектакль үшін 25-30 % декорация Қазақстанда жасалды. Қалғаны Италияда әзірленді. Тағы бір айта кетерлігі, оған әрлеу мен ажарлаушы және бояу жөніндігі әр түрлі цехтардан көптеген адамдар қатысты. Пластик, арматура, сұйық әйнек сияқты бірнеше материалдар пайдаланылды.

Суретші-сценограф Эцио Фреджирионың 350 спектакль қоюға бірге атсалысқан өз командасы бар. Қазақстанда ғана мұндағы мамандармен қоян-қолтық жұмыс істеуге тура келді. Істің күрделі басталғанына қарамастан, нәтижесі жақсы шықты. Бұл спектакль бесінші рет қойылмақ, деп жазады astana.kz.