«Астана Опера» жаңа театры «Біржан мен Сара» қойылымымен ашылады

АСТАНА. 6 маусым. ҚазАқпарат - Маусым айының аяғында Астанада 1250 орынға есептеліп салынған «Астана Опера» атты жаңа Мемлекеттік опера және балет театрының кермесі қиылмақ.

 «Астана Опера» жаңа театры «Біржан мен Сара» қойылымымен ашылады

Жаңа театр сахнасының шымылдығы қазақ опера өнерінің жауһары композитор Мұқан Төлебаевтың «Біржан мен Сара» операсымен түрілмек. Бұл туралы елорданың 15 жылдығын өткізу мен даярлау медиа-штабынан хабарлады.

Ағымдағы жылы еліміз КСРО халық әртісі, композитор, педагог және қоғам қайраткері Мұқан Төлебаевтың 100 жылдық мерейтойын атап өтеді. Ол қазақ музыка өнерінің бірегей шебері. М. Төлебаевтың қазақ опера музыкасына енгізген құнды еңбегі - «Біржан мен Сара» операсы. Осы шығармалар негізінде халық әншісі Біржан салдың ақын қыз Сараға деген ғашықтық сезімі ғасырдан ғасырға ұласты. Операның жаңа қойылымын режиссер Юрий Александров жүзеге асырса, басты рөлдерді Нұржамал Үсенбаева мен Ахмет Ағади орындайды.