«Астана Опера» «Жібек жолы» халықаралық фестивалі аясында ең үздік туындыларды көрермен назарына ұсынбақ

Фестиваль, 25 және 26 қыркүйекте тұсауы кесілетін, А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсынан бастау алады. Қазақтың аса көрнекті ақыны, ағартушысы және философы Абай Құнанбайұлының (1845-1904) тұлғасы - қойылымдағы идеяның өзегі. Тұсаукесерді қыркүйек айында тамашалай алмағандар, операны 8 қазанда тыңдай алады. Қыркүйек айының соңғы жұлдызында көрерменге аса көрнекті хореограф Б. Эйфманның «Роден» балеті ұсынылады. Әлемдегі музыкалық театрлардың жарқыраған жауһарларының бірі - «Аида» опералық спектаклі «Астана Опера» сахнасында 4 қазанда шырқалады. Ал, 5 қазанда тамаша скрипкашы, беделді халықаралық конкурстардың жеңімпазы Ержан Күлібаев қатысатын концерт өтеді. Бағдарламада - финдық композитор Ян Сибелиустің музыкасы. Елорда тұрғындары мен қонақтары сүйіп тыңдайтын Дж. Пуччинидің «Богема» операсы 13 және 14 қазанда «Астана Опера» театрының жарқыраған жас солисттері ұсынады. Еліміздің мәдениеті мен өнерін дүние жүзіндегі биік алаңдарда паш етіп жүрген аса көрнекті қазақстандық пианиношы - Жәния Әубәкірова 16 қазанда «Астана Опера» симфониялық оркестрімен бірге С. Рахманиновтің № 3 концертін орындайды. 18 қазанда «Астана Опера» Үлкен залында танымал тенор Михаил Векуаның (Мариинский театры, Ресей), сондай-ақ елордалық театр жетекші солисттерінің, хорының және оркестрінің қатысуымен Дж. Вердидің «Реквиемі» орындалады.
Б. Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы» балетін «Астана Опера» әртістері көрермен назарына 20 қазанда ұсынады. Ал Дж. Вердидің «Травиата» операсы - итальяндық режиссердің үздік және ең сұранысы жоғары туындысы 22 қазанда қойылады. Балет сарапшылары мен сыншыларының жоғары бағасын иеленген, Вакиль Османовтың (Австрия) қойылымындағы «Қарагөз» ұлттық балеті «Астана Опера» сахнасында 24 қазанда өтеді. 30 қазанда тыңдарман қазақ операсының маржаны Мұқан Төлебаевтің «Біржан-Сара» операсын тамашалай алады. 7 қарашада тыңдарманды әлем театрларының репертуарынан түспейтін спектакльдердің бірі - Дж. Пуччинидің «Тоска» операсы күтеді. Фестиваль 8 қарашада опера және балет сахнасындағы қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен өтетін Гала концертпен аяқталады.