«Астана Операда» алғаш рет атақты «Бақшасарай бұрқағы» сахналанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Астана Операда» алғаш рет атақты «Бақшасарай бұрқағы» сахнаға шықты, деп жазады 24.kz.

«Астана Операда» алғаш рет атақты «Бақшасарай бұрқағы» сахналанды

Жұрт асыға күткен туындыда зұлымдық пен махаббат лирикасы суреттеледі.

Қосактілік балет желісінде Керей ханның Польшада жасаған сойқаны мен князь қызы Марияға деген жауапсыз махаббатын театр әртістері асқан шеберлікпен жеткізе білді.

Балет Александр Пушкиннің аңыз-поэмасы негізінде құрылған. «Астана-Операның» көркемдік ұжымы Борис Асафьевтің 80 жыл бұрын сахналаған қойылымына 8 ай дайындалыпты.

Мәжбүрлі түрде ханның күңі болған поляк қызының рөлінде Әйгерім Бекетаева ойнаса, қолбасшы Керейдің кейпін Тұрсынбек Нұрқалиев сомдайды. Балет сүйер қауым Шығыс пен Батыстың биі астасқан трагедиялық драмманы «Астана Операда» ертең сағат 19:00-де тамашалай алады.