«Астана Операда» балаларға арналған қайырымдылық концерті өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана Опера» кішкентай көрермендерге сыйлық жасайды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
None
None

29 наурызда сағат 12:00 балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына арналған қайырымдылық концерті өтеді. Жас тыңдармандарға С. Прокофьевтің «Петя мен қасқыр» симфониялық ертегісі қойылады, сондай-ақ оларға арнап елордалық театрға саяхат ұйымдастырылып, дастарқан жайылады.

C. Прокофьевтің «Петя мен қасқыр» симфониялық ертегісі - музыка әлеміне еліктіріп әкететін танымдық саяхат. Қызықты сюжетте басты кейіпкер пионер Петяның басынан кешкен оқиғалары жайында, оның актерлық шеберлігімен емес, музыкалық аспаптардың аккорды мен дыбыстары арқылы баяндалады. Ертегінің әр кейіпкерінің өзіндік музыкалық тақырыбы бар. Мәтінді оқитындар кішкентай тыңдармандарға қай аспаптың қандай кейіпкерді келтіріп тұрғанын түсінуге көмектеседі. Симфониялық ертегінің желісі бір қарағанда қарапайым, алайда оның көздеген өнегелі өсиеті терең.

Дирижер Руслан Баймұрзин сиқырлы таяқшасымен «Астана Операның» Камералық оркестріне жан бітіреді. Мәтінді оқитындар - Мәулетова Сәуле және Төлеген Назарбеков.

Соңғы жаңалықтар