«Астана Операда» шебер пианиношы Нұрлан Измайловтың жеке концерті өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрлан Измайлов еңбек жолының жарты ғасырдан астам ғұмырын фортепианоға арнады.

 «Астана Операда» шебер пианиношы Нұрлан Измайловтың жеке концерті өтеді

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, асқан шебер пианиношы ертең, 27 мамырда «Астана Опера» театрының Камералық залында өтетін концертте өнер көрсетеді.

Кеш бағдарламасында көрнекті композиторлардың танымал және сирек орындалатын туындылары бір-бірімен алмасып, ал кейбір шығармалар алғаш рет орындалады. Айталық, С. Рахманиновтың В. Кузоватов жасаған транскрипциясындағы «Вокализ», Ғ. Жұбанованың Н. Измайлов жасаған транскрипциясындағы «Ақ құс туралы аңыз» балетінің Халық биі және М. Глинканың Вальс-фантазиясы. П. Чайковскийдің «Жыл мезгілдері», С. Рахманиновтың Төрт кіріспесі, 23 шығарманың №4, 5, 6, 2 белгілі әуендері де көрерменді баурап алары анық.

«Соль минор кіріспесі мен үшін жеті жасымда көрген американдық «Ұлы Отан» деректі фильмімен байланысты. Американдықтар түсірген сол соғыс туралы фильмі шындыққа жанасатын, өте шынайы еді, олар Кеңес әскері қол жеткізген жеңісті, сол жайлы сюжеттерді түсірді. Ондағы ұмытылмас кадрлар кейін басқа бағдарламаларда және фильмдерде көрініс тапты, мысалы, әскери аэродромда өте көп ұшқыш болды, жүк көлігі тұр, сол жүк көлігінде рояль тұр және С. Рахманиновтың Соль минор кіріспесі ойналды. Сол Кіріспені менің ұстазым Эмиль Григорийұлы Гилельс - 20 ғасырдың ұлы пианиношысы орындады. Кейін мен дәл сол кісіден дәріс алады деп кім ойлаған. Бертін келе мен осы шығарманы ұстазымның кемел жасында орындағанын өз көзіммен тамашаладым, әрине бұл басқа Кіріспе еді, басқа екпін», - деп еске алады Н. Измайлов.

Аталған концертте шырқалатын орыстың фортепианолық музыкасы ерекше музыка тілінің біртұтас дәуірін ұсынады. Мәдениеттің бұл бөлшегі мыңдаған өнерсүйер қауымға, солардың жүрегіне жету үшін бағытталған. Қазақ композиторы Ғ. Жұбанованың «Ақ құс жайлы аңыз» атты музыкасы кештің ажарын аша түсетіндігі айқын, деп хабарлайды «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі.