Астана: Өрт сөндірушілер жанар-жағармай стансасындағы жарылыстың алдын алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық өрт сөндірушілер жанар-жағармай құю стансасындағы жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
21.05-те 101 пультіне Қорғалжын трассасында орналасқан «Sinooil» жанар-жағармай құю стансасындағы өрт жөнінде хабарлама түскен. Оқиға орнына шұғыл жеткен Өрт сөндіру қызметінің кезекші бөлімшесі оның аумағында«КIA Sportage» автомобилінің жанып жатқанын, жалынның бензин колонкасына жақындап қалғанын көрген.
« Өртке қарсы күрес мамандарының шұғыл әрекетінің арқасында жарылыстың алды алынды. Мұндағы көліктер қауіпсіз жерге шығарылды. Тілсіз жау 21.24-те ауыздықталып, 21.30-да толықтай сөндірілді»,- делінген хабарламада.
Қазақ тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себеп-салдарын анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Жалынды ауыздықтауға жеке құрамның 14 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды. Ал «КIA Sportage» автомобилі түгі қалмай жанып кетті.