Астана орталығында бір тәулік су болмайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана су арнасы» МКК Ақорда, Министрліктер үйі, «ЭКСПО-2017» аумағы секілді Астана орталығындағы бірқатар нысанда сумен жабдықтаудың уақытша тоқтайтынын хабарлады, деп жазды ҚазАқпарат тілшісі.
«Астана су арнасы» МКК хабарлауынша, Б.Момышұлы даңғылы мен М.Төлебаев көшесінің қиылысында орналасқан Д=1000 мм су құбырын кесудің жоспарлы жұмыстарына байланысты, 2016 жылы қарашаның 24-і сағат 00-00 бастап, 2016 жылы қарашаның 25-і таңғы 9-00 аралығында қаланың бірқатар бөлігінде су беру тоқтайды.
Су беру тоқтайтын аумақтар:
1) Есіл ауданы, Ақорда, Министрліктер үйі, Парламент, Президент істері басқармасы автошаруашылығы;
2) Есіл ауданы, Медициналық кластер, ҚР Президент істері басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы, №3 перзентхана, ІІД госпиталі, балалар жұқпалы аурулар ауруханасы, қан орталығы;
3) Есіл ауданы, әуежай;
4) Есіл ауданы, «ЭКСПО-2017» аумағы;
5) Есіл ауданы, Ақорда, Министрліктер үйі;
6) Есіл ауданы, «BI-Village», «Family Village» кешендері;
7) Есіл ауданы, «Саранда», «VIP Саранда» ТК;
8) Есіл ауданы, Сауран көшесі;
9) Есіл ауданы, Сығанақ көшесі;
10) Есіл ауданы, Пригородный кенті;
11) Есіл ауданы, Тельман кенті;
12) Есіл ауданы, Заречный кенті;
13) Есіл ауданы, №16 өрт бөлімшесі;
14) Есіл ауданы, Түркістан көшесі;
15) Есіл ауданы, Керей мен Жәнібек хандар көшесі;
16) Алматы ауданы, Өндірістік ауылы;
17) Алматы ауданы, Железнодорожный ауылы;
18) Алматы ауданы, №1 қалалық аурухана;
19) Алматы ауданы, №2 қалалық аурухана;
Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарын қосқанда Есіл ауданының қалған бөлігінде су құбыры қысымының төмендеуі мүмкін.