«Астана» өте мықты команда жəне кез келген ойыншысы жеке көзге түсе біледі - «Галатасарай» бапкері

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Астана-Арена" стадионы бүгін тағы бір тарихи матчқа куə болды. Қазақстанның футбол командалары арасында тұңғыш рет УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне өткен "Астана" футбол клубы бүгін осы топтық кезеңде өз алаңында алғашқы ойынын өткізді. Түркияның "Галатасарай" командасын қабылдаған "Астана" 2:2 есебінде ойын көрсетіп, топтағы алғашқы ұпайына ие болды.
None
None

"Галатасарай" футбол командасының бас бапкері Хамза Хамзаоғлы "Астана" өте мықты команда екенін мойындады.

"Расымен, бірінші таймда біз өте жақсы ойнадық. Бірақ, екінші таймда "Астана" мүлде басқаша ойнай бастады, ал біздің ойыншылардың ынтасы жоғала бастағандай. Бəлкім, футбошыларымыз шаршай бастаған шығар. Мен ойыншыларды алмастырдым, қорғанысты күшейтіп, қарымта шабуыл жасауға шақырдым. Бірақ, Астана да қарап отырмай, осы нəтижеге қол жеткізді", - дейді Х.Хамзаоғлы.

"Астана" - мықты команда екен, топпен жақсы ойнап, жеке спортшылар да көзге түсе біледі. "Астанадағы" біраз ойыншы кез келген еуропалық командаларда жəне Еуропа кубоктарында ойнай алады" - деді қазақ командасының ойынына баға берген түркиялық бапкер.

Айта кетейік, УЕФА Чемпиондар Лигасының "С" тобында ойнап жатқан "Астана" футбол клубы бүгін өз алаңында бірінші матчын өткізіп, "Галатасарай" командасымен тең түсті. Қорытынды есеп 2:2.

Соңғы жаңалықтар