«Астана» өткен маусым үшін УЕФА-дан 18,2 млн еуро алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - УЕФА 2015/16 маусымындағы Чемпиондар лигасының қатысушылары арасында үлестірілген қаржы жөнінде мәлеметтерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Астана» өткен маусым үшін УЕФА-дан 18,2 млн еуро алды

Елордалық «Астана» футбол командасы 18,292,000 еуроға жуық табыс тапты. Бұл қаржының 2 миллионын клуб турнирдің топтық кезеңіне қатысқаны үшін, сондай-ақ тағы 2 миллионды плей-офф раундындағы ойыны үшін алды.

Клубтың қоржыны сондай-ақ Чемпиондар лигасының іріктеу матчтарына қатысқаны үшін берілген 1 миллион еуромен толықты. Қалған ақшалар - 12 миллион топтық кезеңге өткені үшін бонус болса, 1, 292,000 еуро - маркетингілік пул.