«Астана» ойыншылары балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап шеберлік сыныбын өткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Best for kids» қоғамдық қорымен бірлесіп «Астана» қайталаушы құрамасының футболшыларымен бірлесіп Ақкөл кентіндегі балаларға арналған демалыс лагеріне барды
Ол жерде Ақкөл, Жолымбет, Урюпинск, Степногор балалар үйінің 1-9 сынып оқушылары демалып жатқан болатын, деп хабарлады елордалық команда баспасөз қызметінен.
«Астаналық футболшылар балалар үйі тәрбеленушілеріне шағын шеберлік сыныбын көрсетті, содан кейін бес командаға бөлініп, шағын футбол турнирін өткізді. Нәтижесінде қатысқандар ішінен «Астана» футболшыларының матчы үздік шықты. Ойын 2:2 есебімен аяқталды, ал пенальти сериясында 3:1 есебімен балалар үйінің тәрбиеленушілері жеңіске жетті», - делінген таратылған ақпаратта. Футболдан басқа, балаларға түрлі байқаулар, викториналар, таэквандо бойынша шеберлік сыныбы өткізілді. Еске сала кетейік, «Астана» ФК негізгі құрамы испандық «Вильярреалмен» жолығатын УЕФА Еуропа Лигасы біліктілігінде плей-оффқа шықты. Бірінші матч 21 тамызда «Астана-Аренада» өтеді. Жауапты ойын 28 тамызға белгіленген.