Астана-Павлодар облысы шекарасы аралығындағы көлік қозғалысы қалыпты тәртіпте жүзеге асырылуда
АСТАНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат - Республикалық маңызы бар жолдардың барлығы ашық. Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, бүгін сағат 9:30-дан бастап «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 16-205 шақырымындағы Астана-Палодар облысы шекарасы аралығында жолаушылар және жүк көлектерінің қозғалысына тыйым салынған еді. Сағат 13:00-ден бастап бұл жол аралығындағы көлік қозғалысы жанданды.