01:33, 15 Қаңтар 2018 | GMT +5
Астана-Павлодар тас жолы жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана-Павлодар тас жолы жабылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Төтенше жағдайлар департаментіне сілтемемен.

«14.01.2018ж. сағат 23:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (жел, бұрқасын, жолдың көрінбеуі) "Астана-Павлодар" автожолында автокөліктердің барлық түрлеріне қозғалыс тоқтатылды», делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін еліміздің үш облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланғанын хабарлаған болатынбыз.