Астана - Павлодар тас жолы жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты Астана - Павлодар тас жолы жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Астанадағы жергілікті полиция қызметіне қарасты жол-патруль полициясы Астана - Павлодар жолының жабылғанын хабарлайды» делінген мәліметте.
Ал Astana LRT компаниясының ақпаратынша, ауа райы қолайсыздығына байланысты №317 бағдарының қозғалысы уақытша тоқтатылған.
Қозғалыс қалпына келген жағдайда қосымша хабарланады.