«Астана-Петропавл» автожолында жеңіл көлік жанып кетті

АСТАНА. KAZINFORM - «Астана-Петропавл» автожолында жеңіл көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі. 

көлік
Фото: ТЖМ

"Шортанды кенті ауданындағы «Астана-Петропавл» республикалық маңызы бар автожолында жеңіл автокөліктің өртенуі орын алды. Өрт сөндірушілер өртті шақырту сәтінен бастап 21 минут ішінде жойды. Зардап шеккендер жоқ, оқиғаның себебі анықталуда" делінген хабарламада.