Астана-Петропавл тас жолы ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы әкімдігінің мониторинг және жедел әрекет ету орталығы Астана-Петропавл тас жолының, Астана-Шучинск учаскесінің ашылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгін сағат 8.00 кезінде ауа райының тұрақтануына байланысты елордадан республикалық маңызы бар Астана-Петропавл тас жолының 18-231 шақырымдарының аралығы және Астана-Шучинск учаскесі басрлық көлік түрлеріне ашық», деп жазды ведомстводан.
Айта кетейік, кеше, 22 қазан күні сағат 23.10 шамасында ауа райының қолайсыздығына байланысты аталған жолдар жабылған болатын.