«Астана-Петропавл» тас жолында автобус істен шығып, 22 жолаушы құтқарылды
Ведомствоның дерегі бойынша, қарашаның 24-інде түнгі сағат 05:10 шамасында жол-патрульдік полициясы батальонының қызметкерлері полиция аға сержанты Асхат Уәлиев пен полиция сержанты Темірлан Тілегенов «Астана-Петропавл» тас жолының 233 шақырымында жолдың шетінде тұрған автобусты байқаған.
Жолаушылар көлігінің жүргізушісінің айтуынша, «Омск - Астана» бағытындағы «Вольво» автобусының жанармай жүйесі істен шыққан. Сол кезде, көлікте 22 жолаушымен бірге 3 жүргізуші болды.
«Полицейлердің қырағылығының арқасында автобуста болған адамдардың ешқайсысы да тоңып үлгерген жоқ. Полицейлер дереу жолаушыларды аталған бағыт бойынша жүріп бара жатқан өзге «Вольво» автобусына отырғызып жіберді. Ал, істен шыққан көліктің ақауын реттеу үшін жақын маңдағы «Шекара-Бурабай» стационарлық бекетінің аумағына сүйреп жеткізді» деп көрсетілген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.