«Астана-Петропавл» тас жолында болған көлік апатында полиция қызметкері қаза тапты

АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін «Астана-Петропавл» тас жолының 332-ші шақырымында Көкшетау қаласына жүріп келе жатқан «Ауди» көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, «Митцубиси» көлігімен соқтығысып қалды, деп хабарлайды Ақмола облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
None
None

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Митцубиси» көлігінің 1960 жылғы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Оның зайыбы Ақмола облыстық ауруханасына жеткізілді. Сондай-ақ ауруханаға «Аудидің» жүргізушісі мен жолаушысы жеткізілді.

Полицейлердің анықтауынша, қаза тапқан азамат Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің резервінде тұрды. Аталған факті бойынша сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар