"Astana Piano Passion” 2014 жылдың 10-16 мамыры аралығында өтеді

АСТАНА. 28 қазан. ҚазАқпарат - "Astana Piano Passion" екінші халықаралық классикалық музыка фестивалі аясында өтетін аттас халықаралық жас пианистер байқауының нақты өтетін күні белгілі болды. Ұйымдастырушылар фестивальді мамырдың 10 мен 16 аралығында өткізуге шешім қабылдады.

"Astana Piano Passion” 2014 жылдың 10-16 мамыры аралығында өтеді

Байқау ұйымдастырушылары мамырдың жылы күндерін осындай ірі де мағыналы іс-шараны өткізуге ыңғайлы деп шешті. Біріншіден, бұл уакытта музыкалық мектеп және студия оқушылары қорытынды жылдық сынақтарды тапсыруға дайын болады, демек көптеген талантты балалар үшін байқау қосымша салмақ түсірмейді, керісінше білімін толықтыра түседі. Екіншіден, тек осы күндері Астанада көктемгі ауа-райы жылынып, қалыпты болады. Үшіншіден, мамыр айының екінші онкүндігінде байқаудың Көркемдік жетекшісі Денис Мацуев Қазақстанның астанасында бір апта бойы болып, барлық уақытын әлемнің әр елінен келген дарынды жас пианистерге арнай алады.

"AstanaPianoPassion" екінші халықаралық жас пианистер байқауына деген қызығушылық жоғары деңгейде. Бүгінгі күні Ұйымдастыру комитетіне байқаудың шарттарына байланысты 10-нан аса сұраныстар келіп түсті. Бұл туралы astana. kz хабарлады.