«Astana Piano Passion» байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау мерзімі ұзартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Наурыз мейрамына орай «Astana Piano Passion» халықаралық байқауына қатысуға жас пианисттерден өтінімдерді қабылдау 21 наурызға дейін ұзартылды.
None
None

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланған. «Astana Piano Passion» байқауының сайтында бұл күндері дүрбелең орын алуда. Кейбір балалар бейнежазбаны дайындауға үлгермей жатқандықан ұйымдастырушылардан өтінімдерді қабылдау мерзімін ұзарту туралы өтініш келіп түсті. Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай Ұйымдастыру комитеті тиісті шешім қабылдады. Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2014 жылдың 21 наурызына дейін ұзартылды. Бейнежазбалар бойынша іріктеу турынан өткен жартылай финалға қатысушылардың есімдері 1 сәуірде белгілі болады. «Көктемнің шуақты күндері мейірімділік жасау - әр адамның парызы деп санаймыз. Бірнеше ай бойы байқау бағдарламасын дайындаған балалардың бәрі сайтта анкеталарын орналастырып үлгереді деп үміттенеміз. Осылайша, биыл мамыр айында Астанада классикалық музыканың нағыз мерекесін тағы да тамашалайтын боламыз», - дейді байқауды ұйымдастырушылар. Еске салайық, жас пианисттердің «Astana Paino Passion» ІІ халықаралық байқауының жартылай финалы Астанада 10-16 мамыр күндері классикалық музыка фестивалінің аясында өтеді.

Соңғы жаңалықтар