«Astana Piano Passion» байқауына өтінімдер қабылдау 1 желтоқсаннан басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Astana Piano Passion» ІІІ Халықаралық классикалық музыка фестивалі және жас пианисттер байқауы 2015 жылы 24 сәуірде басталады.

«Astana Piano Passion» байқауына өтінімдер қабылдау 1 желтоқсаннан басталады

Өтінімдерді қабылдау 2014 жылдың 1 желтоқсанында басталып, 2015 жылдың 1 наурызына дейін созылады. Бүгінде «Astana Piano Passion» фестивалі аясындағы халықаралық пианисттер байқауына, әлемнің 100-ден аса қалаларынан және 43 елден 252 жас дарындар қатысты. Жартылай финалға қазылар алқасы әдетттегідей 30 жас пианистті іріктеп алады. Байқауға 2 жыл уақыт ішінде Астана қаласында Қазақстан, Ресей, Украина, Жапония, АҚШ, Австралия, Оңтүстік және Солтүстік Корея, Дания, Италия, Армения, Сингапур, Қытай және басқа әлемнің түрлі елдерінен келген жас музыканттар өнер көрсетті. «Astana Piano Passion» фестивалі мен байқауды ұйымдастырушылар - Астана қаласының әкімдігі және Мәскеу филармониясының қолдауымен «Accordi di Astana» Қоғамдық қоры. «Astana Piano Passion» байқауы 3 кезең бойынша өтеді: іріктеу кезеңі (видеожазба бойынша), жартылай финал (жеке бағдарлама) және финал (оркестрмен концерт). Байқауға жасы 18-ге дейінгі әлемнің барлық елдерінің пианисттері қатыса алады. Байқаудың жүлде қоры - 60 000 АҚШ доллары. Сондай-ақ, бірінші орын алған кіші топ (10 жасқа дейін), орта топ (11-14 жас аралығы), үлкен топ (15-18 жас аралығы) қатысушыларының мұғалімдеріне арналған сыйлықтар бар. Қазылар төрелігінің айқын болуы үшін, байқаудың барлық кезеңдері әлемнің барлық көрермендері үшін он-лайнда тікелей көрсетіледі. Заманауи технологиялардың арқасында, Екінші Халықаралық жас пианисттер байқауын 500 мыңға жуық көрермендер тамашалай алды.