«Astana Piano Passion» I фестиваль-байқауының қатысушылары Қазақстан композиторларының шығармаларын орындайды
АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - «Astana Piano Passion» І Халықаралық фестиваль-байқауы 2013 жылғы мамырдың 10-ы мен 16-сы аралығында өтеді.
Байқаудың көркемдік жетекшісі, қазылар алқасының құрметті төрағасы - Ресей халық әртісі, әлем таныған асқан шебер пианист Денис Мацуев, деп хабарлады Астана қаласының ресми сайты.
Байқаудың тағы бір бірегей талаптарының бірі - үміткерлердің Қазақстан композиторларының шығармаларын міндетті орындауы. Композициялар ноталарын astana-app.kz. сайтынан тауып, көшіріп алуға болады.
Еске салайық, байқауға 18 жасқа дейінгі 3 жас тобындағы жасөспірім пианистер жіберіледі: 1 - кіші топ - 10 жасқа дейін қоса алғанда, 2 - орта топ - 11-ден 15 жасқа дейін, 3 - ересек топ -18 жасқа дейін.
«Astana Piano Passion» І Халықаралық фестиваль-байқауына өтінімдер Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 10/1 мекен-жайында 10.01.2013 ж. бастап 10.03.2013 ж. дейін astana-app.kz, сайтында электрондық үлгіде қабылданады қабылданады.