15:58, 03 Қазан 2013 | GMT +5
«Astana Piano Passion» ІІ халықаралық жас пианистер байқауының сыйлық қоры - 50 000 АҚШ доллары
АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - 2014 жылдың мамыр айында Қазақстанның астанасында ІІ Халықаралық классикалық музыка фестивалі аясында, Астана қаласы әкімдігі көмегімен "Accordi di Astana" Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен "Astana Piano Passion" жас пианистер байқауы өтпек. Байқаудың көркемдік жетекшісі және құрметті төрағасы - Ресейдің халық әртісі Денис Мацуев, деп хабарлады ұйымдастыру комитетінен.

"Astana Piano Passion" Екінші Халықаралық жас пианистер байқауы үш кезең бойынша өтеді: Іріктеу кезеңі, Екінші кезең, Байқау финалы. Байқаудың негізгі мақсаты - өз шығармашылық жолынының қалыптасу кезеңіне алғаш қадам басқан жас дарын иелерін қолдай отырып, орындаушылық өнер әдістерімен халықаралық алмасу және Қазақстандағы фортепианолық мектептер дәстүрлерін нығайту. Байқауға әлем елдерінің 18 жасқа дейінгі пианисттері қатыса алады. Байқаудың жалпы сыйлық қоры 50 000 АҚШ долларын құрамақ. Бұдан басқа орындаушыларды арнайы сыйлықтар күтіп тұр. Сонымен қатар, жасаралық топтар: кіші топ (10 жасқа дейін), орта топ (11-14 жас аралығы), үлкен топ (15-18 жас аралығы) бойынша бірінші орынды иеленген оқушылардың мұғалімдеріне арнап сыйлықтар ұсынылады. Қатысушылардың өнерін халықаралық беделді қазылар алқасы бағалайтын болады. Қазылар алқасы құрамы кейінірек белгілі болмақ. Осы жылдың мамыр айында өткен Бірінші Халықаралық жас пианистер байқауы аяқталған соң, музыкалық сыншылар қазылар алқасының жұмысын сәтті бағалап, олардың адал төрелігін атап айтқанын, көрермендердің байқау нәтижелерімен толықтай келіскендерін естеріңізге сала кетейік. Байқауға қатысу үшін қатысушылардан ешбір төлемақыны талап етпейді. Ұйымдастыру комитеті Екінші кезең және Финалға қатысушылар мен оларды алып жүруші кісілердің Астана қаласында жүріп-тұруы мен тұратын жерінің барлық шығындарын өз мойнына алады. Байқау жайлы анығырақ ақпараттар мен Екінші Халықаралық жас пианистер байқауының Ережелері көп ұзамай байқаудың арнайы http://astana-app.kz/ru/. сайтында жарық көреді.