«Astana Piano Passion» классикалық музыка фестивалінің Гран-при иегері белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана Опера» опера және балет театрының басты залында «Astana Piano Passion» классикалық музыка фестивалінің жабылуы мен конкурс жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарланды елорда әкімдігінің сайтында.

«Astana Piano Passion» классикалық музыка фестивалінің Гран-при иегері белгілі болды

«Қорытынды концертке «Astana Piano Passion» байқауындаң бірінші, екінші, үшінші орын алған балалар қатысты. Бұл өте жауапты конкурс, бізге әлемге танымал балалар келіп қатысады. Және олардың біздің сахнаға шығып, өнерін көрген қазақстандық балалардың фортепиано музыкасы дамуына сеп болады деп санаймын», - деді astana.kz шара ұйымдастырушылары.

Қорытынды концертке байқау жеңімпаздарымен бірге Денис Мацуев қатысты. Кеш барысында байқаудың Гран-при иегері ресейлік Александр Кутузовтың есімі жарияланды.

Сонымен бірге, арнайы сыйлық жеңімпаздарының есімдері белгілі болды. «Концертке конкурс жеңімпаздарымен бірге Денис Мацуев қатысты. Арнайы сыйлық иегерлері анықталды, себебі 1, 2, 3 орындар тыңдаудан кейін белгілі болған. Ол «Көрермендер көзайымы», Астана әкімдігінің атынан қазақстандық композитордың шығармасы орындалғаны үшін арнайы сыйлық, оған қоса белгілі халықаралық фестивальдерьге бару үшін Суздальға, Францияға жолдамалар», - деп қосты ұйымдастырушылар.

Көрермендердің пікірінше, «Astana Piano Passion» классикалық музыка фестивалінің жабылуы жоғары деңгейде өтті. Жас пианистер бұл байқаудан тамаша тәжірибе алды.