«Астана» плей-офф кезеңінде тағы АПОЭЛ-мен кездеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» футбол клубының Еуропа Лига қорытынды іріктеу кезеңі бойынша қарсыласы анықталды, деп хабарлайды  «SPORTINFORM» САА. 

«Астана» плей-офф кезеңінде тағы АПОЭЛ-мен кездеседі

Қазақстандық команданың қарсыласы кипрлік АПОЭЛ болды. Кипрліктер Еуропа Лигасының үшінші біліктілік кезеңінінің бірінші матчында израильдік «Хапоэлмен» тең (2:2) түсіп, өз алаңында жеңіске (3:1) жетті.

«Астана» мен АПОЭЛ 23 және 30 тамыз күндері  қарымта ойындар көрсетеді.

Кипрлік клуб «Астанаға» жақсы таныс. 2015 жылы қазақстандық чемпион АПОЭЛ-ды Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде (өз алаңында 1:0, 1:1 қонақта) жеңіп, Чемпиондар лигасының топтың кезеңіне жолдама алған.

Еске салайық, «Астана» командасы  іріктеу кезеңінде загребтік «Динамоға» жол беріп, Чемпиондар лигасынан Еуропа лигасына келген еді.