Астана полицейлері 25 санын келтіріп, сапқа тұрды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық полицейлер «Қазақ елі» монументі маңында саптық байқау өткізді.

Астана полицейлері 25 санын келтіріп, сапқа тұрды

Қазақстандық полицияның 25 жылдығы құрметіне байқау басталғанға дейін 800-ден астам қызметкері  Қазақстан полициясының мерейтойлық 25 санын келтіріп, сапқа тұрды, деп хабарлады Астана ІІД баспасөз қызметі.

Саптық байқауды ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров қабылдады, ол полицейлердің алдына қалалықтар мен елорда қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстардың, әсіресе ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде заң бұзушылықтардың алдын алу саласындағы бірқатар міндеттерді қойды.

Саптық байқау жеке құрамның қоғамдық тәртіпті  және азаматтардың қауіпсіздігін сақтау, елдің маңызды оқиғасы алдында қылмыстардың, өзге де заңға қайшы әрекеттердің уақтылы алдын алу, жолын кесуге әзірлік дәрежесін айқындау үшін жүргізілді.

Бүгінде елордалық Департаменттің материалдық-техникалық жарақтылығы жоғары деңгейде. Полиция гарнизоны қызметкерлерінде қылмыспен күресу, азаматтардың сындарлы құқықтары мен еркіндіктерін қорғау, қаладағы тиісті құқықтық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндіктер бар.