Астана полицейлері анасымен бірге бір жасар баланы қағып кеткен жүргізушіні ұстады

АСТАНА. 9 маусым. ҚазАқпарат - Астана полицейлері анасымен бірге бір жасар баланы қағып кеткен жүргізушіні ұстады. Бұл туралы Жол полициясы басқармасынан хабарлады.

Астана полицейлері анасымен бірге бір жасар баланы қағып кеткен жүргізушіні ұстады

Оқиға 7 маусым күні, таңертеңгі сағат 10:30-дарда болды. Бейбітшілік көшесімен Жангелдин көшесіне қарай бет алған белгісіз тұлғаның басқаруындағы «Toyota Estima» көлігі «Визави» дәмханасының жанында қолында 1 жасар баласы бар 29 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан дереу ізін суытқан.

Жол-көлік апатынан зардап шеккен бір жасар сәби Астана қаласының №2 қалалық балалар ауруханасына жеткізіліп, жан сақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлердің қойған диагнозы: «бас сүйек пен мидың жабық жарақаты, бас миының соғылуы және желке сүйегінің сынуы».

Оқиғадан кейін бірнеше сағат бойы іздестіру жұмыстарын жүргізген жол полициясы қызметкерлері «Toyota Estima-ның» 30 жастағы жүргізушісі - Астана қаласының тұрғынын анықтап, қолға түсірді.